ЖҚС Қонақүй Брондау | Trip.kz


ЖҚС категориясын таңдаңыз:
Ұшақ Билетін Брондау
Қонақүй Брондау

Қонақүй Брондау

Бронь жасау

1. Қонақүй бөлмесін қалай брондаймын?

Сайтымызда қонақүй брондау өте оңай.
- Баратын жерді (қала, арал, ауыл және т.б.), келу және кету күндерін, ересектер мен балалар санын (бала жасын көрсетіңіз) таңдаңыз.
- Таңдаған күндерге бос қонақүйлер тізімін көру үшін «Іздеу» түймесіне басыңыз. Қонақүйлер тізімі экраныңызға шығады.
- Әр қонақүй туралы толық ақпарат алу үшін бағаға немесе «Жалғастыру» сілтемесіне басыңыз.
- Экранда көрсетілген барлық қонақүйлерде белгілеген күндеріңіз үшін бос орындар бар. Экранда бос бөлме түрлері және тарифтері шыққанда қалаған тарифті таңдай аласыз. Артынан «Брондау» түймесіне басыңыз.
- Қалаған бөлмені таңдағаннан кейін тіркеу формасы бетіне өтесіз. Бұл жерде резервіңіз бойынша мәліметтерді қарап бос жолдарды толтыруыңыз қажет болады. Керекті мәліметтерді толтырғаннан кейін «Жалғастыру» түймесіне басыңыз.
- Егер тіркеу формасыны дұрыс толтырсаңыз, «Төлем мәліметтері» бетіне өтесіз. Бұл жерде енгізген мәліметтерді қайта тексеріп төлем жасай аласыз. Атыңыз, Тегіңіз, электрондық мекенжайыңыз (e-mail), күндер және қонақүйдің дұрыстығын тексеріңіз. Бөлме түрін және онда қалатын кісілердің нақты санының дұрыстығын тексеріңіз. Таңдағаннан қонақүйдің броньды жою ережелерін оқуыңызды өтінеміз.
- «Төлем мәліметтері» бетінің төменгі жағындағы кредиттік карт мәліметтеріні толтырып брондауды аяқтау үшін «Брондау» түймесіне басыңыз.
- Брондау туралы ақпаратты жүйе автоматты түрде қабылдайды және электрондық поштаңызға бронь нөмірін, қонақүйдің брондауды растау нөмірін және қонақүйдің байланыс деректерін жібереді. Егер қосымша ақпарат қажет болса клиенттерге қызмет көрсететін агент 24 сағат ішінде сізбен электрондық пошта арқылы хабарласады.

2. Бір уақытты бірнеше бөлме брондай аламын ба?

Иә, бір уақытта 4 бөлмеге дейін брондасаңыз болады.

3. Кредиттік картымты қолдану қауіпсіз бе?

Иә. Trip.kz үшін сіздің жеке мәліметтеріңіздің және интерактивтік режимде жасалатын коммерциялық операцияңыздың қауіпсіздігі өте маңызды. Опрерацияңыздың қауіпсіздігі үшін пластикалық карт нөмірін шифрлеп қолданысқа келемейтін нысанға келтіретін SSL 128 bit (қауіпсіз бірігулер протоколы) қолданылады. Біздің жұмысшылар картыңыздың нөмірін көре алмайды және ол мәліметтер біздің жүйеде сақталмайды.

4. Қандай банктік карт түрлерімен онлайн төлем жасай аламын?

VISA және MasterCard пластикалық карттары, сондай-ақ VISA Electron дебиттік карттары.

5. Кредиттік картымның нөмірі дұрыс, бірақ жүйе қабылдамайды. Неге?

Бірнеше себеп болуы мүмкін:
- Берілген карт түрі төлем үшін біздің жүйемен қабылданбайды.
- Карттың жарамдылық мерзімі брондау күнінен бұрын бітеді.
- Кредиттік лимитіңізден асып кеттіңіз (есеп-шотыңызда жеткілікті сома жоқ).
- Компьютер қатесі.

Жоғарыда көрсетілген себептерді тексеріп біраз уақыттан кейін қайта сынауыңызды өтінеміз. Егер сізге көмек керек болса клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызды өтінеміз hotels@trip.kz 

6. Бронь үшін төлемді қашан жасауым қажет?

Кейбір қонақүйлерді брондау үшін бронь ақысын брондау үдерісі аяқталмай тұрып төлеуіңіз қажет. Басқа қонақүйлер үшін жерлесу ақысын қонақүйге келгенде төлейсіз. Брондау егжей-тегжейлері бетіндегі немесе броньды растау электрондық хатындағы ақпаратты қарауыңызды өтінеміз.

7. Қонақүй бөлмесінің орналасу жерін (қабат, бассейнге жақын болу, т.б.) өзімнің қалауым бойынша таңдай аламын ба?

Қонақүй арнаулы қалаулар қызметін көрсететін болса брондау формасында қалауларды білдіретін бөлім болады. Қонақүй қызметшілері қалауларыңызды орындау үшін бар күшін салады, бірақ нақты орындалуына кепіл бермейді себебі бос бөлме болмауы мүмкін.

8. Соңғы баға бір кісі үшін көрсетілген бе немесе бөлме үшін бе?

- Қонақүйлерді іздеу қорытындылары бетіндегі баға тәуліктік бір бөлме үшін көрсетілген (әдетте таңдауыңыз бойынша ең арзан бөлме бағалары көрсетіледі, мысалы 2 кісілік бөлме іздесеңіз бұл бөлме түріне ең тиімді бір тәулік үшін бағалар шығады).
- Қонақүй туралы ақпарат берілген бетте баға бөлме түрі бойынша көрсетілген (баға бір тәулік үшін және жерлесудің толық мерзімі үшін көрсетілген).

Барлық тарифтер бөлме үшін есептелген (егер басқасы келісілмесе). Салық және жарна қосылған, егер тарифтың егежей-тегжейлерінде басқасы көрсетілмесе. Қосымша кісілер, балалар, баларлар төсегі және майда шығындар қосымша төлем себебі болуы мүмкін.

9. Арнаулы жеңілдіктер бар ма?

Басқа турагенттермен салыстырғанда біздің клиенттерімізге көптеген қонақүйлер «Арнаулы интернет-тарифтер» жеңілдіктерін ұсынады. Барлық қонақүйлер үнемі қызмет көрсету сапасы бақылауынан өтеді.

10. Бос бөлмесі болмаған қонақүйлерге жерлесу үшін күту парағы бар ма?

Жоқ. Егер іздеу барысында белгілі бір қонақүйде орын болмаса, ондай жағдай үшін бос орын күту парағы жасалмағын.

Брондауды Растау

11. Брондау қалай жасалады?

«Төлем Егжей-тегжейлері» бетінде кредиттік картыңыздың мәліметтерін енгізгеннен кейін «Брондау» түймесіне басыңыз , артынан брондау нөміріңіз көрсетілген жаңа бетке («Растау Беті») өтесіз. Берілген нөмірді кейінгі қолданыс үшін және Trip.kz агенттігімен хабарласқанда қолдану үшін сақтап қойыңыз. Брондау нөміріңіздің төменгі жағында қонақүй қызметтерін жеткізуші компанияны (мысалы Expedia) және брондауды растау нөмірін көресіз. Бұл нөмірді қонақүйде тіркеу жасау барысында көрсетуіңіз қажет, бірақ көбінде аты-жөніңізді айтқаныңыз жеткілікті.

Брондаудың егжей-тегжейлері көрсетілген электрондық поштаңызға келетін хат (30 минут ішінде) арқылы бронь дереу расталады.

12. Брондау растауын күтуге уақытым жоқ. Не істеуім керек?

Брондау дереу жасалады және бірнеше секундтық уақыт алады. Брондауыңызды растайтын электрондық хатты брондау аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде аласыз. Егер кідіріс болса, қосымша талаптарыңыз болса немесе брондауыңызға өзгерістер енгізгіңіз келсе бізбен телефон арқылы немесе hotels@trip.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

13. Брондауым туралы хабарламаны қонақүй қашан алады?

Брондау аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде қонақүйге аты-жөніңіз белгілі болады. Егер қонақүйге брондауды растау үшін хабарласатын болсаңыз Брондау Нөмірінің астында көрсетілген провайдердің (provider) атын және қонақүй қызметтерін жеткізуші жанында көрсетілген тапсырыс нөмірін хабарлауыңыз қажет (мысалы Expedia, 69008797

14. Қонақүйден брондауды растау туралы хат аламын ба?

Жоқ. Trip.kz жіберетін растау электрондық хаты жеткілікті. Онда брондау нөмірі, қонақүй телефон нөмірі және мекенжайы, баға, брондауды растау нөмірі және таңдаған қонақүйдің брондауды жою ережелері көрсетілген.

15. Брондау аяқталғаннан кейін брондауды растау хатын алмасам не істеуім қажет?

Әдетте брондау аяқталғаннан кейін брондауды растау хаты электрондық поштаңызға 15 минут ішінде келеді, бірақ кей жағдайларда бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Электрондық поштаңыздағы спам папкасын тексеруіңізді өтінеміз. Кейде брондауды растау хатын және брондау туралы ақпараттарды алу үшін бұл сайтты «рұқсатты» жіберушілер тізіміне қосуыңыз қажет. Егер Сізге көмек керек болса клиенттерге қызмет көрсету орталығымен хабарласуыңызды өтінеміз.

16. Брондауымды қалай өзгертсем болады?

Брондауды өзгертудің ең жақсы жолы бізбен hotels@trip.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуыңыз. Клиенттерге қызмет көрсету орталығымыз бөлме түрі, жерлесу күні немесе қонақүйге басланысты қалауларыңыз бойынша ең тиімді варианттарды табуға көмектеседі.

17. Броньды ауыстыратын болсам бөлме бағасы өзгереді ме?

Баға бөлме түріне тәуелді, сондықтан жаңа баға алдыңғы брондауыңыздың бағасынан басқа болуы мүмкін.  

Брондауды Жою

18. Брондауды жоюға байланысты қандай ережелер қолданылады?

Қонақүйдің броньды жою ережелері брондау үдерісінің соңында пластикалық карт мәліметтерін енгізуден бұрын (брондауды сәтті аяқтағаннан кейін шығатын бетте) шығады, сондай-ақ брондауды растау электрондық хатымен жіберіледі. Бөлме түрінің жанында орналасқан сілтемеге басып кішкене терезеде шығатын броньды жою ережелерімен таныссаңыз болады.  Қонақүйлердің көбісі жерлесетін күнге 24-72 сағат қалған кезде жойылған бронь үшін айыппұл ретінде бір түн ақысын алады. Бірақ әр қонақүйдің жеке ережелері бар. Сондай-ақ, қонақүйдің броньды жою саясаты жалынды мезгілдерде қатал болуы мүмкін (high немесе peak season period). Кейбір броньдар ақысы қайтарылмайды және брондау аяқталғаннан кейін жойылмайды (non-refundable rates).  Кез келген броньды өзгерту немесе жою үшін Trip.kz қызметтік алым ретінде 10 евро алады.

19. Брондауды қалай жоямын?

Броньды 3 жолмен жоюыңызға болады:

«Қонақүй брондауын жою» сілтемесіне басыңыз
1. Бастапқы бет арқылы
2. Брондауды растау электрондық хаты арқылы
3. Брондаудың сәтті аяқталғаннын хабарлайтын бет арқылы
үдерісті жалғастыру.

20. Қонақүй броудауын жоятын болсам төлемді қайта алу мүмкіндігім бар ма және қашан?

Егер қонақүйдің броньды жою ережелеріне сәйкес төлем қайтарылатын болса сомаңызды қайта аласыз, бірақ ақша қайтарымы тек броньды жойғаннан кейін ғана жасалады. Төлемді қайтару броньды жойғаннан кейін 30 күн  ішінде қайтарылады. Назар аударыңыз, егер қонақүй ережелеріне сәйкес бронь ақысы броньды жою барысында қайтарылмайтын (non-refundable) болса, төлем қайьарылмайды. 

Аралас

21. Қандай бөлме түрлері бар?

Қонақүй бөлмелері бастапқы 2 сыныптамадан тұрады. Біріншісі бөлме түрі бойынша (мысалы standard, studio, deluxe және т.б.), екіншісі төсек саны бойынша (бір кісілік, екі кісілік, үш кісілік)

STANDARD бөлме қонақүйдің ең арзан және сұранысы жоғары бөлме түрі, барлық стандарт жайлылықтар бар.
SUPERIOR бөлме (кей қонақүйлер executive терминіні қолданады) standard бөлмеден жақсырақ, кеңірек болып саналады және жаңартылған. Тағы бір ерекшелігі бөлмеден сырт көрініс жақсырақ.
DELUXE бөлме standard және superior бөлмелерінен әлдеқайда үлкен, терезеден ең жақсы сырт көрінісі бар, зейнетті. Сондай-ақ, кей қонақүйлерде сюиттер (suites) бар. Сюиттер екіге бөлінеді: JUNIOR SUITES және SUITES.
Junior Suite ерекшеліктері deluxe бөлмесіне ұқсас, бірақ оған қарағанда кең, сәнді, зейнетті және өрнектелген. Әдетте бір немесе екі бөлек (жатаржай және қонақжай) бөлмеден тұрады.
Suite бөлме әдетте екі бөлмеге (жатаржай және салон) есік арқылы бөлінген үлкен бөлме болып табылады. Көптеген қонақүйлер сюитаны диван немесе диван-төсек бар бөлме деп бөледі, сондықтан бөлме таңдау барысында абай болыңыз.
Studios бөлме Junior Suites бөлмесіне ұқсас, бірақ қарапайымдау. Студиода асүй және тамақ пісіру жабдықтары бар. Әдетте бұл бөлме түрі төмен категориялы қонақүйлерде кездеседі.
Apartments бір немесе екі жатаржай бөлмесі бар Студио бөлмелеріне ұқсас бөлме түрі. Жатаржай саны бөлме сипаттамасында жазылады (мысалы 1 bedroom apartment, 2 bedroom apartment). Төлем адам санына тәуелсіз апартамент-бөлме үшін төленеді, бірақ жерлесу үшін кісі саны шектеулі (мысалы күніне 2-4 кісі үшін 80 евро).

Кездестіруіңіз мүмкін терминдер:
Run of House. Қонақүй шешімі бойынша жерлестіру, яғни тіркеу барысында бос болған бөлмеге орналастыру. Ол терезеден көрінісі шектеулі standard, жай standard немесе қымбат бөлме (мысалы superior) болуы мүмкін.
Economy Room немесе Promo standard бөлме түріне жатқызылады, бірақ бағасы төмен, себебі стандарт бөлмелердің ішіндегі кішісі және терезеден көрінісі шектеулі бөлме болып табылады.

Жоғарыда берілген ақпарат жалпы болып табылады. Қонақүйлер категориясына, орналасқан жеріне байланысты бөлмелер үшін басқа терминдерді қолдануы мүмкін. Мысалы бес жұлдызды қонақүйдің standard бөлмесі үш жұлдызды қонақүйдің superior бөлмесінен жақсы болуы мүмкін.

Кісі саны бойынша қонақүй бөлмелері бір кісілік (single), екі кісілік (double), үш кісілік (triple), төрт кісілік (quadruple), жанұялық болып бөлінеді (family room).

Екі кісілік бөлмелер түрлі болуы мүмкін, мысалы (Double for Single Use) бір кісі қолданысы үшін бағасы төмендетілген (стандартты бір кісілік және екі кісілік бөлмелер арасындағы баға) екі кісілік бөлме.

Сондай-ақ, double room (қосылған екі кісілік төсегі бар екі кісілік бөлме) және twin room (бір кісілік бөлек орналасқан екі төсегі бар екі кісілік бөлме) айырмашылықтары бар. Егер қонақүй екі кісілік бөлменің нақты түріне кепіл бере алмаса оның сипаттамасында double/twin термині болады. Сіз өз қалауларыңызды қонақүйге хабарлай аласыз, бірақ оның орындалуы тіркеу жасау барысындағы бос бөлме түрлеріне тәуелді.

Біздің көрсететін қызмет түрлері және бөлмеге рұқсат етілген кісі саны туралы ақпаратты оқуыңызды өтінеміз.

22. Клиенттерге қызмет көрсету орталығы қандай қызмет түрлерін көрсетеді?

Брондауыңыз аяқталған кейін электрондық поштаңызға хат келеді. Оны броньға байланысты сұрақтарыңыз туындаған кезде қолдана аласыз. Аптаның жұмыс күндерінде, жұмыс уақытында біздің білікті және жылы шырайлы агенттеріміз сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. hotels@trip.kz мекенжайы немесе +7 (495) 580-80-81 телефон нөмірі арқылы хабарлассаңыз болады.

23. Парижден қонақүй керек. Көмектесе аласыз ба?

Клиенттерге қызмет көрсету орталығы әр клиент үшін жеке іздеу жасай алмайды, себебі брондау көлемі үлкен. 130 000 дүние жүзі қонақүйлерінің ішінен Сізді қанағаттандыратын қонақүйді табу үшін сайтымыздағы іздеу формасын қолдануыңызды өтінеміз.

24. Қонақүй әуежайдан күтіп алу және шығарып салу трансфері қызметін көрсетеді ме?

Көптеген қонақүйлер әуежайдан алып кету және апару трансферлік қызметін көрсетеді. Ол қонақүй сайтының бетінде жазылуы тиіс. Ондай қызмет түрі көрсетілсе қосымша ақы алынуы мүмкін. Trip.kz әуежайдан күтіп алу немесе шығарып салу қызметін көрсетпейді. Трансферлік қызмет түрін қаласаңыз брондау аяқталғаннан кейін қонақүймен хабарласуыңыз қажет.

25. Қонақүйде паркинг бар ма? Тегін бе? Паркингте көлікті қанша уақытқа қалдыруыма болады?

Қонақүйлердің көбісі қонақтарына тегін паркинг ұсынады, бірақ кейлері қосымша ақы алады. Паркингті қолдану ұзақтығы қонақүйге байланысты. Ол туралы ақпарат қонақүй бетінде көрсетілуі мүмкін.

26. Қонақүйге жануарлармен жерлесуге болады ма? 

Жануарлармен жерлесу саясаты қонақүйге тәуелді. Егер брондағыңыз келген қонақүй жануарлармен жерлесуге рұқсат етсе клиенттерге қызмет көрсету орталығымен хабарласуыңызды өтінеміз.

27. Жанымдағы балалар үшін қонақүй тегін бе?

Әдетте 12 жасқа дейінгі бірінші бала ата-анасының бөлмесінде берілген төсек-орын жарақтарын қолданып тегін жерлеседі. Бірақ бала жасы қонақүй ережелері сәйкес өзгереді. Оған байланысты ақпаратты қонақүй бетінен табасыз. Trip.kz іздеу формасына балалар санын және жасын енгізгеннен кейін іздеу қорытындысында жанұяңыз жерлесе алатын бөлме түрлері және олардың бағалары көрсетіледі.

28. Қонақүй қосымша жималы кереует береді ме?

Қонақүйлердің көбісі қонақтарына қосымша жималы керуеттер береді. Бірақ қандай бөлме түрі үшін қолданылатынына байланысты шектеулері болуы мүмкін. Әдетте ондай төсектер екі кісілік бөлмелерде қолданылады. Жималы кереуеттер сапасы қонақүйге байланысты өзгереді.

29. Қонақүйім қайда орналасқан?

Қонақүйдің орналасқан жері ақпарат бетінде көрсетілген. Ол жерден қонақүйдің әуежайдан немесе қала орталығынан қашықтығын таба аласыз. Сондай-ақ, ақпарат бетінің соңында қонақүй орналасқан аудан картасы бар.

30. Жерлесу құнына таңертеңгі ас қосылған ба?

Көптеген қонақүйлер тегін таңертеңгі ас береді. Әдетте ол континентальдық таңертеңгі ас немесе кофе және круассан. Егер таңертеңгі ас тегін берілетін болса ақпарат бетінде "complimentary breakfast" термині болуы тиіс немесе бөлме түрі жанында « таңертеңгі асы бар бөлме» деп жазылу (мысалы таңертеңгі асы бар екі кісілік бөлме) керек.
Бөлме түрі қарсысында келесі қысқартылған сөздерді көресіз

RO=Room Only (белгілі бір бөлме түрлері үшін төлемге таңертеңгі ас қосылмаған)
BB= Bed and Breakfast (төлемге таңертеңгі ас қосылған)
HB= Half Board (таңертеңгі ас және түскі ас немесе кешкі ас төлемге қосылған)
FB= Full Board (таңертеңгі ас, түскі ас және кешкі ас төлемге қосылған)
AI= All Inclusive (барлық ас, сусын және таңдауға болатын қосымша ас, мысалы пицца төлемге қосылған)
SC= Self Catering (тамақ пісіру мүмкіндігі бар апартаменттер/студиялар үшін таңертеңгі ас қосылмаған)

Қонақүйлер ұсынатын бастапқы таңертеңгі ас түрлері:

Континентальдық таңертеңгі ас (Continental Breakfast): әдетте келесілерден тұрады: нан, май/джем/бал, қатты ірімшік, ветчина, круассан, тәтті пісірілген нан, тоқаш нан, жеміс суы, кофе/шай/сүт.

Ағылшындық таңертеңгі ас (English Breakfast): толық таңертеңгі ас (full breakfast) деп те аталады және келесілерден тұрады: құрғақ таңертеңгі ас, сұлы жарма, жеміс, йогурт, беконлы жұмыртқа, қуырылған нан, джем, шай және кофе.

Американдық таңертеңгі ас (American Breakfast): қуырылған жұмыртқа, бекон, сосиска, мармеладты нан немесе тост, желе және май, шәрбатлы құймақ, жүгері қауызы (corn flakes) немесе басқа құрғақ таңертеңгі ас, кофе немесе шай және апельсин немесе грейпфрут суы.

Швед дастарханы таңертеңгі асы: әр түрлі тағамдар қойылған үлкен дастархан: қуырылған жұмыртқа, қуырылған картоп, бекон, сосиска, ветчина, печенье, тоқаш нан және бейгл. "Салат-бар" салқандатылған дастарханында әдетте жемістер, жеміс сулары, және/немесе түрлі тоқаш нандар және кондитерлік өнімдер бар.

31. Ақшаны қайтаруға байланысты Trip.kz саясаты қандай?

Қонақүй брондауын жойсаңыз Сізге төлемнің бір бөлігі немесе барлығы қайтарылады. Қайтарылатын нақты ақша сомасы қонақүйдің броньды жою ережелеріне байланысты. Қайтарылатын сома толық бронь құнынан айыппұлды алғандағы сомаға тең. Назар аударыңыз, броньды өзгерту немесе жою үшін Trip.kz 10 евро қызметтік алымын алады. Ақшаның қайтарылуы 15 күннен 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Trip.kz жоғары сапалы қызмет көрсетуге және клиенттерінің жағдайын жасауға бар күшін салады. Солай болса да біз әуе компанияларының, автокөлік жалға берушілерінің, қонақүйлердің және басқа туристік қызмет көрсетушілердің қызмет түрлерін ұсынушы тәуелсіз агент ретінде жұмыс жасаймыз. Сондықтан біз жұмысшыларды, жабдықтарды немесе қызмет жеткізушілердің әрекеттерін қадағалай алмаймыз және қызмет жеткізушілердің міндеттерін орындамауы, дұрыс әрекет жасамағанынан қандай болса да жайсыздық, зақым, мүлікті бұзу немесе басқа жоғалтулар болғаны үшін жауапты емеспіз. Төлем және есеп-шот үзінді көшірмесі арасында айырмашылық болған жағдайда барлық шағымдар кредиттік карт есебі алынғаннан кейін немесе туристік қызмет көрсетілгеннен кейін 60 күн ішінде ілеспе құжатпен Trip.kz агенттігіне жіберілуі тиіс.

32. Брондаған бөлме үшін төлем түбіртегін аламын ба?

Брондау аяқталғаннан кейін электрондық поштаңызға растау хаты келеді, ол төлем түбіртегі болып табылады. Қонақүйден кету барысында шығындарыңыздың егжей-тегжейлері көрсетілген түбіртек ала аласыз.  

33. Қонақүйдің брондау жасау ең кіші жас шектеуі бар ма?

Иә. Кей қонақүйлердің брондау жасау барысында минималды жас шектеулері бар. Мысалы, ойын-сауығы бар қонақүйлер сіздің атыңызға бөлмені 21 жастан үлкен болсаңыз брондайды. Сондай-ақ, тек бар және қонақүй қызметі болған қонақүйлер 16 жастан үлкен кісілер атына брондау жасайды. Ақпаратты клиенттерге қызмет көрсету орталығынан немесе қонақүйдің өзінен нақтылауыңызды өтінеміз.