ЖҚС


ЖҚС категориясын таңдаңыз:
Ұшақ Билетін Брондау
Қонақүй Брондау

Ұшақ Билетін Брондау

Ұшақ Билеттерін Іздеу

1. Қалай тек ұшып кету билетін таңдаймын?

Ұшақ билетін іздеу жүйесінде екі опция бар: бір жерден екінші жерге жету «Тек бір жақ» (One way) немесе бір жерге бару және қайта оралу «Барып қайту» (Round trip). Егер тек бір жаққа ұшатын болсаңыз «Тек бір жақ» опциясын таңдаңыз.

2. Халықаралық және ішкі сапарлар үшін брондау жасай мүмкіндігім бар ма?

Иә, қалаған әуежайдан дүние жүзінің барлық жеріне сапар таңдай аласыз.

3. Неге мен қалаған әуе компаниясы үшін сапар табалмадым?

Біздің іздеу жүйемізді қолданып дүние жүзінің көптеген әуе компанияларының билеттеріне брондау жасай аласыз. Бірақ чартерлік сапарларға, бюджеттік әуе компаниялары сапарларына және Грекияда өкілдіктері жоқ компаниялардың сапарларына брондау жасау мүмкіндігі жоқ.

4. +/- 3 күн опциясы не үшін?

«+/- 3 күн» опциянын белгілеп ұшып кету және ұшып келу күндерінен 3 күн бұрын және 3 күн кейін аралығындағы арзан ұшақ билеттерін таба аласыз. Қалаған бағаны белгілегеннен кейін көрсетілген күндер үшін сол бағаға сапарлар сұрыпталып ұсынылады.

5. Жолаушылардың жас категориялары

Іздеу жүргізу барысында жолаушылардың санын жас тобы бойынша көрсетуіңіз қажет. Бір бронь үшін максимум 8 кісі енгізуге болады. Жас категориялары келесі түрде:
- Ересек: Жолаушы 12 жаста немесе одан үлкен.
-Бала: Жолаушы 2 және 11 жас арасында. 12 жастан кіші қараусыз бала үшін онлайн брондау жасалмайды.
- Сәби жасы 2 жастан кіші (орын берілмейді). 12 жастан үлкен жолаушы сәбиді қолында ұстап ұшуы мүмкін.
Назар аударыңыз, кей сапарларда балалар және/немесе сәбилерге арнайы баға жеңілдіктері жоқ. Ондай жағдайда бала және/немесе сәби үшін ересек билетін алуыңыз қажет.

6. Қараусыз балалар

Егер балаңыз (2-11 жас) жалғыз саяхатқа шығатын болса бізбен телефон арқылы хабарласуыңызды кеңес етеміз. Қараусыз балалар үшін интернет арқылы билет бере алмаймыз. Төменде қараусыз балаларға байланысты ережелер көрсетілген:
5 жастан үлкен балалар үшін тікелей және аялдамалы сапарлар мүмкін (назар аударыңыз, олар үшін күннің соңғы сапары қолжетерліксізболуы мүмкін, себебі бұл уақытта әуе компаниясы бала үшін алып жүруші ұсына алмайды). Нақты бала жасы әуе компаниясына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан ақпарат алу мақсатымен тікелей тасымалдаушы әуе компаниясымен хабарласқаныңыз жөн. Көптеген әуе компаниялары 5 жастан үлкен қараусыз балалар үшін мұндай қызмет түрін көрсетеді.
5 жастан кіші балалар ересек серіктес жолаушысыз ұша алмамайды (көбінесе 15 жастан үлкен).
Көптеген әуе компаниялары жалғыз саяхаттаған балаларды алып жүру қызметі үшін қосымша ақы алулары мүмкін. Әдетте тасымалдаушы әуе компаниясы қараусыз баланы ұшып келу әуежайында қарсы алатын кісі туралы мәліметті талап етіп, одан куәлігін немесе төлқұжатын сұрауы мүмкін. Егер ондай мәліметтерді бере алмасаңыз жағымсыз кідіріс туындауы мүмкін, сондықтан әуе компаниясы ережелерімен танысқаныңыз жөн. Ең дұрысы қараусыз балаға билет алмай тұрып тасымалдаушы әуе компаниясымен хабарласуыңыз. Қараусыз балаларды алып жүру шарттары әр тасымалдаушы үшін әр түрлі болуы мүмкін.

7. Балалар мен сәбилер үшін жеңілдіктер

Көптеген әуе компаниялары балалар мен сәбилерге жеңілдіктер ұсынады. Жеңілдік түрі әуе компаниясына, сапарға, т.б. байланысты өзгеруі мүмкін.

8. Орын категориялары

Көптеген сапарларда Үнемді класстан басқа Бизнес және Бірінші класс орындарын алу мүмкіндігі бар. Төменде берілген сипаттама жалпы болып табылады және әр компания бұл категорияларды әр түрлі атауы мүмкін.
Үнемді класс орындары негізгі жолаушылар салонында орналасқан. Бұл орындардың жайлылығы және көрсетілетін қызметтері шектеулі болғандықтан бағасы басқа орындармен салыстырған арзан болып келеді. Әдетте бұл класс билеттерін ауыстыру немесе қайта өткізу кедергірелі бар. Кей жағдайларда тариф ережелеріне байланысты билетті ауыстыру немесе қайта өткізу рұқсаты жоқ.
Бизнес класс орындарында (бар болса) креслолар кең және жайлы болып келеді. Бұл класс жолаушыларына әдетте жоғары сапалы тағам беріледі. Көбінесе бизнес класс үшін әуежайда бөлек тіркеу жасайтын жер және сапарды күту кезінде қолданатын демалыс бөлмелері бар. Бизнес класс билеттерін ауыстыру немесе қайта өткізу ережелері икемді болып келеді. Бұл класс үшін билет құны Үнемді класс және Бірінші класс арасында болып табылады.
Бірінші класс ұшақтың алдыңғы жағында орналасқан. Креслолары ең жайлы және тағамдары ең сапалы. Әуежайда олар үшін бөлек тіркеу жері және демалыс бөлмесі жасалған. Бірінші класс билеттері ең қымбаты болып табылады және барлық сапарларда бола бермейді.

Ұшақ Билетін Брондау

9. Сайттан билет сатып алуым үшін белгілі бір уақыт шектеуі бар ма?

Иә! Ұшып кетуіне 4 сағаттан аз уақыт қалған сапарлар үшін ұшақ билетін бере алмаймыз. Бірақ бізбен +7 (495) 580-80-81 телефон нөмірі арқылы хабарласып ұшақ билетін сатып ала аласыз.

10. Жасаған брондауым сәтті аяқталғанын қалай білуіме болады?

Сайтымызда брондау жасап біткеніңізде экраныңыздан брондаудың сәтті аяқталғаны туралы хабар көресіз және e-mail мекенжайыңызға брондауды растау хаты келеді. Сондай-ақ, брондау жасағаннан кейін 30 минут ішінде e-mail мекенжайыңызға электрондық билет көрсетілген екінші хат келеді.

11. Брондау аяқталғаннан кейін e-mail мекенжайыма хат келмесе не істеуім қажет?

Брондау аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде e-mail келмесе бізбен хабарласуыңызды өтінеміз: +7 (495) 580-80-81.

12. Келген e-mail-де қате тапсам не істеуім керек?

Келген e-mail-де қате тапсаңыз дереу бізбен телефон арқылы хабарласуыңызды өтінеміз. Назар аударыңыз, енгізген жеке мәліметтеріңіз үшін сіз жауаптысыз және брондау аяқталғаннан кейін оны өзгерту мүмкін емес.

13. Бронь нөмірін ұмытып қалсам не істеуім қажет?

Ол туралы қобалжымаңыз, себебі резервті аты-жөн, e-mail мекенжай немесе брондау барысында енгізілген басқа мәліметтер арқылы таба аламыз.

14. Сапарымның ұшып кету уақытын нақтылауым қажет пе?

Сапардың уақытын әуе компаниясына немесе әуежайға хабарласып нақтыласаңыз жөн. Егер тасымалдаушы әуе компаниясынан сапарыңызға байланысты өзгерістер туралы хабар алсақ, Сізге оны жеткізу үшін бар үлесімізді қосамыз. Ең жақсысы - әуежаймен немесе әуе компаниясымен хабарласуыңыз, әсіресе нашар ауа райы, компания жұмысшылары ереуілі, т.б. жағдайларда. Сондай-ақ, сапарыңызға байланысты өзгерістерді “Резервіңізді онлайн қарау” сілтемесі арқылы көре аласыз. Бұл сілтеме брондауды растау хатында берілген.

15. Таңдаған сапарым брондау үшін қол жетерліксіз.

Мұндай жағдай брондау үдерісі барысында сапар үшін берілген бұл тарифтің соңғы билеті сатылып кетуі себебінен болуы мүмкін. Әуе компаниясымен байланыс үзіліп кетуі себебінен брондау аяқталмауы мүмкін. Бұл сапар сайтымыздың іздеу нәтижелерінде әуе компаниясының бос орындар туралы дұрыс ақпарат бермеуі себебінен көрінуі мүмкін, бірақ сатып алу мүмкіндігі жоқ. Жоғарыда сипатталған жағдайларда брондауды 30 минуттан кейін қайта жасауыңызды кеңес етеміз.

16. Басқа тұлға үшін өз банктік картымды қолданып бродау жасай аламын ба?

Жолаушы және банктік карт иесі түрлі кісілер болса, біздің электрондық мекенжайымызға flights@trip.kz (немесе факсқа +7 (495) 580-80-81) кредиттік карттың суретін немесе көшірмесін, карт иесінің қолы қойылған төлқұжатының суретін немесе көшірмесін және билет ақысын берілген карттан алу рұқсаты туралы хат жіберілуі тиіс.

17.Төлем жасалғаннан кейін қосымша төлқұжат көшірмесі немесе пластикалық карт көшірмесі сияқты ақпарат беруім қажет пе?

Әдетте клиенттерімізден қосымша ақпарат берулеріне талап етпейміз. Бірақ кей жағдайларда Сізбен хабарласып төлқұжат көшірмесін немесе пластикалық карттың сырт жақ көшірмесін сұрауымыз мүмкін. Бұл жағдайлар көбінесі жолаушы және банктік карт иесі түрлі кісілер болғанда немесе жүйеміз транзакцияға байланысты алаяқтық қауіпті (anti-fraud) көрсеткен кезде болады. Бұл мәліметтер саяхатыңыз аяқталғанда дереу жойылады.

18. Әскери қызметші немесе теңізші үшін арнаулы тариф арқылы билет сатып алу мүмкіндігім бар ма?

Өкінішке орай қазіргі кезде ондай қызмет түрі көрсетілмейді.

Ұшақ билетін ауыстыру

19. Ұшақ билетімді қалай ауыстыруыма немесе қайта өткізуіме болады?

Біз сіздің ұшақ билетіңіздің бронын тек біздің ғаламтордағы тиісті нысан толтырғаннан кейін оны өзгертуді немесе жоюды жалғастыра аламыз. Ұшақ билеттері бронының барлық өзгертулері немесе болдырмауы әуежолы компаниясының ережесіне сәйкес басқарылады және осы сілтемеде осы жерде орналасқан. Біздің компания әуе компаниясы салған айыппұлдан басқа бронды жасау кезінде таңдаған Қолдау көрсету пакетіне байланысты қосымша ақы алады.

20. Қолданбайтын ұшақ билетінің ақысын толық немесе бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігім бар ма?

Сатып алынған ұшақ билетінің әуе компаниясына және тарифке байланысты түрлі шектеулері болуы мүмкін. Әдетте үнемді класс билеттері үшін тек салықтар мен алымдар ақысы қайтарылады. Әуе компаниясымен хабарласып қайтарылатын соманы нақтылауымыз қажет. Тасымалдаушы әуе компаниясының ұшақ билеттерін ауыстыру және қайтару ережелерін пластикалық карт мәліметтерін талап ететін беттегі сілтемені қолданып оқысаңыз болады, сондай-ақ брондауды растау туралы электрондық хатта да таба аласыз.

21. Ұшып кету және ұшып келу күндерін қалай өзгертуіме болады?

Егер ұшақ билетінің ауыстырылуы туралы рұқсаты болса, билет күндерін өзгерту мүмкін. Ол үшін бізге e-mail немесе факс арқылы хабар беруіңіз қажет, немесе сайтымыздағы тиісті нысанды толтыруыңыз керек. Басқа жағдайда билетіңіздің күні өзгертілмейді.

22. Шетелде болғанымда билетті ауыстыру үшін кімге хабарласуым қажет?

Егер билетіңіздің қайта ұшып келу сапарын ауыстыру мүмкіндігі болса, тасымалдаушы әуе компаниясының жергілікті өкілімен хабарласуыңыз қажет.

23. Әуе компаниясы сапарды өзгертсе не істеуім керек?

Кей жағдайларда әуе компаниялары сапарларының бағдарын, уақытын және санын өзгертуі мүмкін. Егер әуе компаниясынан ондай ақапарат келсе, Сізге ұшу күнінен бұрын хабарлауға тырысамыз. Әдетте бұлар болмашы өзгерістер және Сіздің саяхатыңызға әсерін тигізбейді. Егер өзгерістер үлкен болса, мысалы ұшып кету уақыты 2 сағаттан көп айырмашылықпен өзгертілсе немесе ұшып кету әуежайы ауысса және ұшып кетуіңіз үшін басқа вариант болмаса, ЕО бекіткен жолаушылар құқықтарына сүйене отырып әуе компаниясынан өтемақы талап етуіңізге болады (егер әуе компаниясы сапардың өзгерісі туралы алдын ала хабарламаса).

24. Билеттегі жолаушының аты-жөнін өзгертуге болады ма?

Билеттер басқа кісіге берілмейді, сондықтан жолаушы есіміні өзгерту мүмкін емес. Билеттегі жолаушының аты-жөні төлқұжатындағымен бірдей болуы тиіс. Брондау аяқталғананан кейін аты-жөнді ауыстыруға немесе өзгертуге болмайды.

Билетті алу

25. Билетімді қалай аламын?

Билетіңіз электронды (e-ticket) және e-mail мекенжайыңызға жіберіледі. Әуежайда тасымалдаушы әуе компаниясының тіркеу жасайтын орнына куәлігіңізбен немесе төлқұжатыңызбен баруыңыз жеткілікті.

26. Билетімді қашан аламын?

Брондау аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде e-mail мекенжайыңызға электрондық билет (e-ticket) жіберіледі. Егер 24 сағат ішінде билет келмесе бізге хабарласуыңызды өтінеміз +7 (495) 580-80-81.

27. Билетіме байланысты проблема болса не істеуім қажет?

Ондай жағдайда бізге хабарласыңыз: +7 (495) 580-80-81.

28. Билетімді жоғалтсам не істеуім қажет?

Билетіңіз электронды (e-ticket), сондықтан қобалжуға себеп жоқ.

29. Билетімді әуежайда алу мүмкіндігім бар ма?

ИӘ, билеттеріңіз электронды және оны әуежайда ала аласыз (30сұрақты қараңыз)

30. Trip.kz сайтында төлемді қай валютада жасауыма болады?

Картыңыздан алынатын сома, айырбас бағамы немесе шетел валюта операция коммиссиясы қосылмаған, сатып алу барысында евро валютасында көрсетілген сомаға тең. Бірақ сіздің эмитент-банк немесе төлем жүйесі төлем сомасын банктің ішкі бағамы бойынша конверсиялауы мүмкін немесе шетелдік валюта операция комиссиясын алуы мүмкін. Сайтымызда баға теңге валютасымен тек жалпы ақпарат үшін көрсетілген.

31. Шот-фактура алу мүмкіндігім бар ма?

Иә. Салық қолтаңбасы бар шот-фактура электрондық поштаңызға жіберіледі.

32. Шот-фактура сомасы қай валютада көрсетіледі?

Билетті қай мемлекеттен сатып алсаңыз да Trip.kz барлық шот-фактураларды евро валютасымен береді. Бірақ берілген шот-фактурасы үшін түзету жасай аламыз, ол үшін керекті түзетулер көрсетілген электрондық хат жіберуіңіз қажет.

Электрондық Билеттер

33. Электрондық билет деген не?

Электрондық билеттер ұшақ билетінің сатып алынғанын растау үшін өте ыңғайлы және қағаз билетті қажет етпейді. Әуе компаниясы билеттің барлық мәліметтерін өз дерекқорында сақтайды. Сондықтан қағаз билетін алу қажеттілігі, билетті жоғалту немесе ұмытып кету проблемалары болмайды. Электрондық билетпен тіркеу жасау үшін тек төлқұжат немесе куәлік жеткілікті. Әуе компаниясы жұмысшылары тізімнен сізді тез табу үшін электрондық билеттің басып шығарылған түрін көрсетсеңіз болады.

34. Электрондық билетімді қалай басып шығара аламын?

Электрондық мекенжайыңызға келген электрондық билет нөмірі көрсетілген екінші хатты басып шығарсаңыз болады. Назар аударыңыз, брондау аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде келген бірінші электрондық хат брондауды растау хаты болып табылады. Электрондық билет нөмірі көрсетілген екінші хат брондау аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде келеді.

35. Кредиттік картымнан қашан ақша алынады?

Ақша брондау аяқталғаннан кейін алынады. Картыңыздан екі түрлі сома алынғанын көресіз, біріншісі әуе компаниясының ұшақ билеті үшін алған ақысы, екіншісі біздің агенттігіміздің (Ε-Travel Athina) қызмет көрсету алымы. Екі соманың қосындысы сайтымызда көрген ұшақ билетінің соңғы бағасы болып табылады.

Жалпы Ақпарат

36. Жолжүгіне байланысты қандай ережелер және шектеулер бар?

Әдетте бір кісі үшін қол жолжүгі 5 килограмды және жолжүгі 20 килограмды аспауы тиіс. Жолжүгі ережелері әуе компаниясына, сапарға және тарифке байланысты өзгереді. Жолжүгі ережесіне әуе компаниясы қатал қарауы мүмкін, себебі жолжүгі салмағы және көлемі өте маңызды. Жолжүгінің максимум салмағы және көлемі сапарға және қызмет көрсету класына байланысты өзгереді. Егер жолжүгіңіздің салмағы нормадан көп болса қосымша ақы төлеуіңіз қажет болады. Жолжүгі ережелері әр компания үшін әр түрлі болғандықтан тасымалдаушы әуе компаниясымен хабарласуыңызды кеңес етеміз.

37. Төлем үшін қандай карт түрлерін қолдануға болады?

Төлем үшін келесі карттарды қолдануыңызға болады: Visa, Visa Electron, Mastercard. Төлем жасау үшін банктік картыңыздың мәліметтерін енгізуіңіз қажет. Төлем жасау үдерісі қауіпсіздендірілген. Картыңыздың мәліметтері қорғалған каналмен шифрленген түрде жіберіледі.

38. Ұшып кету сағатынан қанша уақыт бұрын әуежайда болуым керек?

Халықаралық сапарлар үшін ұшып кету уақытынан 2 сағат бұрын, ішкі сапарлар үшін 1 сағат бұрын әуежайда болуыңыз қажет. Кейбір әуе компаниялары ұшып кету сағатынан 3 сағат бұрын келуіңізді кеңес етеді, көбінесе ол трансатлантикалық сапарларға байланысты. Назар аударыңыз, қауіпсіздік бақылау үдерісі адам көп болған жағдайда әдеттегіден көп уақыт қажет етуі мүмкін.

39. Саяхат үшін қандай құжаттар алуым қажет?

Қазақстан іші сапарларына ересек Қазақстан азаматтарының куәлік көрсетуі және балалар үшін туу туралы куәлігі көрсетілуі жеткілікті. Халықаралық сапарларға ересектер төлқұжаттарыны және кедендік бақылауды өту үшін баратын мемлекетке байланысты қосымша құжаттарды көрсетуі тиіс. Trip.kz виза немесе басқа құжаттарды ресімдеумен айналыспайды. Назар аударыңыз: баратын мемлекеттен қайта оралу күні төлқұжаттың және визаның біту күндерінен кеш болмауы тиіс. Баратын мемлекет үшін ресімделетін құжаттар үшін жолаушы жауапты.

40. Балалар үшін қандай құжаттар қажет?

Қазақстан ішіндегі сапарлар үшін баланың туу туралы куәлігі қажет. Халықаралық сапарлар үшін баланың өз төлқұжаты болуы керек немесе ата-ананың бірінің төлқұжатына жазылуы тиіс, және баланың визасы болу керек. Егер бала жалғыз және қараусыз саяхат жасайтын болса әуе компаниясына хабар берілуі тиіс. Бала жалғыз саяхат жасайтын жағдайда оның ата-анасының шетелге шығуы туралы нотариалдық куәландырылған рұқсаты болуы қажет. Баланы шетелге шығару барысында туыстық қатынасты растайтын қағаз талап етілуі мімкін. Баланың ата-анасымен бірдей тегі болғаны немесе ата-ананың бірінің төлқұжатында баланың жазылуы оған дәлел емес. Бұл жағдайда дәлел ретінде баланың туу туралы куәлігін немесе туыстықты растайтын құжатты (асырап алу, қамқорлық көрсету, т.б.) көрсетуіңізге болады.

41. АҚШ-қа ұшақ билетін брондау үшін арнайы талаптар бар ма?

Иә, АҚШ бағытына ұшақ билетін брондау талаптары бар. Олар «Ұшу қауіпсіздігі бағдарламасы» жағынан уағдаласылған.

«Ұшу қауіпсіздігі (Secure Flight)» АҚШ территориясында сайхат жасайтын (ұшып келетін, ұшып кететін және территория ішінде) жолаушылардан алынған ақпаратттың дұрыстығын қадағалайтын Көлік Қауіпсіздігі Әкімшілігінің (TSA) жаңа қауіпсіздік бағдарламасы.
Бұл бағдарлама АҚШ ішкі сапарлары үшін ертеден қолданылады, ал халықаралық сапарлар үшін 01.11.2010 ж. бастап күшіне кірді.
Жаңа ережелерге сәйкес АҚШ территориясына және территориясында саяхат жасайтын жолаушылар брондау барысында келесі ақпараттарды ұсынуы тиіс:

-Тегі және Аты (төлқұжатта жазылғандай)
-Туылған күні
-Redress number, бар болса (Redress number жолаушыға ертеден қателіктен ұшаққа отыру шектеуі қойылғанда TSA жағынан беріледі). Redress number жолаушыға кідіртусіз тіркеу жасау және ұшаққа отыру құқығын береді. (Redress number туралы толық ақпарат үшін мұнда басыңыз).

Егер көрсетілген ақпарат брондау барысында берілмесе ұшақ билеті берілмейді.

 

Егер талап етілген мәліметттер төлқұжат мәліметтерінен түрлі болса жолаушының сапарға тіркеу жасауына және ұшаққа отыруына рұқсат етілмейді.

Толық ақпаратты Көлік Қауіпсіздігі Әкімшілігі (TSA) бетінен ала аласыз, мұнда басыңыз.

Тұрақты клиенттер үшін бағдарламалар

42. Тұрақты клиент бағдарламасына қалай қатыса аламын және бонустық карт деген не?

Тұрақты клиент бағдарламасына қатысу үшін әуе компаниясымен телефон арқылы немесе интернет арқылы хабарласуыңыз қажет. Әдетте әуе компаниясы жолаушыға миляларды жинау үшін әр сапарында толтырылатын бонустық карт береді.

43. Тұрақты клиент шотым туралы ақпаратты қайдан аламын?

Сізге ол ақпаратты тек әуе компаниясы береді.