Пайдалану Ережелері


Пайдалану Ережелері

Trip.kz сайтына (бұдан кейін "Сайт") Қош келдіңіз. Бұл сайттын бастапқы мақсаты клиенттерге туристік ақпарат жинауға, қолжетерлі туризм қызметтерін және өнімдерін табуға, брондау жасауға және туристік қызметтерді жеткізушілермен басқа да операциялар жасауға көмектесу. "Біз", "бізді", "біздің" және "Trip.kz" терминдері Trip.kz сайтына, Грекия корпорацияларына (акционерлік қоғамдарына) және/немесе біздің филиалдарға қатысты."Сіз" термині Сайтқа кіретін және/немесе Сайтта (немесе клиенттерге қызмет көрсететін агенттеріміз арқылы) брондау жасайтын клиентке қатысты.

Сайт төменде көрсетілген шарттар, қаулылар және ережелерге (бұдан кейін Келісім) сәйкес сізге қолданысқа ұсынылған. Сайтты қолдану, сайттан көшіру, енгізу және басқа операциялар жасау барысында берілген Келісім шарттарын толық орындауға міндеттісіз. Берілген Келісімді мұқият оқуыңызды өтінеміз. Егер шарттар мен қаулыларды қабылдамасаңыз Сайтты қолдану құқығыңыз жоқ. Келісімнің жаңартылған түрімен танысу үшін бұл бетке кіріп тұруыңызды өтінеміз. Берілген Келісімге белгілі бір хабар жасамай кез келген уақытта өзгертулер және түзетулер енгізуге құқығымыз бар, және сіздің ұдайы қолдану мүмкіндігіңіз немесе Сайтты тұрақты қолданғаныңыз бұл жаңартылған шарттармен келіскеніңіздің дәлелі.

САЙТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Бұл сайтты қолдана отырып келесілер үшін кепіл бересіз:

  • 18 жасқа толдыңыз
  • Бұл түрдегі келесімдерді жасауға құқықтық қабілеттілігіңіз және әрекет қабілеттілігіңіз бар, және Сайттың брондау жүйесімен келісім шартқа отыру құқығыңыз бар
  • Берілген келісімге сәйкес Сайтты қолданасыз
  • Берілген Сайтты өзіңіз үшін немесе басқа жеке тұлға үшін (оның заңды түрде уәкілі болсаңыз) тек легитимділік брондау мақсатымен қолданасыз
  • Заңды түрде уәкілі болып атына брондау жасаған жеке тұлғаға брондаудың шарттары, қаулылары, шектеулері және ережелері туралы хабарлайсыз
  • Сайт арқылы немесе Сайтта ұсынған мәліметтеріңіз рас, нақты, толық және мерзімді
    Кез келген уақытта және кез келген себептен (бұл Келісімнің шарттарын бұзу себебінен де) Сайт қолданысына және қызметтеріне шектеу қою құқығымыз бар.

     

    РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙТІН ӘРЕКЕТТЕР

    Сайт құрамы, сайттағы ақпарат (сондай-ақ, туристік қызмет бағасы және олардың бар болуы) және мұндай контент пен ақпаратты қамтамасыз ету үшін қолданылған инфрақұрылым біздің, біздің жеткізушілеріміздің және провайдерлеріміздің меншігі болып табылады. Сапарыңыздың бағдар көшірмесін (және оған қатысты құжаттардың) немесе бұл Сайт арқылы броньдаған қызмет түрлері көшірмесін шектеулі жасауыңызға болатынына қарамастан, Сайттан алынған кез келген ақпаратты, бағдарламалық жасақтаманы, өнімді немесе қызметті көшіру, жаю, жартылай немесе толық өзгерту, жүктеу, жіберу, қайта басып шығару, жариялау, лицензиялау, түрлендіру, туынды нысан жасау, сату немесе алып сату әрекеттерін жасауға құқығыңыз жоқ. Сондай-ақ, келесілерді жасамауға келісіміңізді бересіз:

  • Сайтты және оның құрамын комерциялық мақсатта қолдану
  • алыпсатарлық, жалған немесе алаяқтық мақсатында брондау жасау немесе кез келген сұраныс антиципациясы үшін брондау жасау
  • жазу түрінде біздің келісімімізсіз робот, өрмекжі, шпион немесе кез келген автоматталған бағдарламалар/автоматталмаған операциялар қолданып бұл Сайтқа кіру, қадағалау немесе Сайттан ақпараттарды/мазмұнын көшіру
  • бұл Сайттың роботтарға тыйым салу ережелерін бұзу немесе Сайтты қолдану шектеулеріне арналған басқа да шараларды орағыту немесе елемеу
  • біздің ерікті жұмыс жасауымызды шектейтін немесе шектеуі мүмкін кез келген әрекет жасау; инфрақұрылымымыздың шектен тыс немесе пропорциялы емес үлкен жүктеулерін жасау
  • біздің жазбалы түрде келісімімізсіз кез келген мақсатпен Сайтқа немесе оның бөлімдеріне (сондай-ақ, шектеусіз, кез келген туристік қызметті сатып алу жолы) электрондық сілтемелер жасау

     

    ЖЕТКІЗУШІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕРІ

    Сіздің таңдаған туризмге қатысты немесе туризм өнімдері мен қызметтерін брондау немесе сатып алуларыңызға қосымша ережелер мен шарттар қолданылады. Берілген ережелер мен шарттарды мұқият оқыңыз. Сіз жеткізушінің белгілеген сатып алу ережелері мен шарттарын орындауға келісесіз, сондай-ақ тарифті, өнімді немесе қызметті қолдану немесе олардың бар болуына байланысты жеткізушінің ережелері мен шектеулеріне сәйкес барлық самоларды мерзімді және тиісті түрде төлеуге келісіміңізді бересіз. Белгілі бір қызметтерді және/немесе белсенділіктерді ұсынатын кейбір үшінші тарап провайдерлер сізден олардың ұсынатын қызметтеріне немесе белсенділіктеріне қатысу жауапкершілігінен босатылғаны туралы қол қоюыңызды талап етуі мүмкіндігін жете түсінесіз. Жеткізушінің кез келген ережелерін және шектеулерін бұзу брондауды жою, брондау жүйесін қолдануды шектеу немесе доғару, брондауға төлеген ақшаны жоғалту және/немесе мұндай бұзушылық себебінен шыққан шығындардың есеп-шотыңыздан алынылуына алып келетінін жете түсінесіз.

    Отели: Просим внимательно ознакомиться с Правилами и условиями поставщика, предоставляющего информацию про отели.

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

    Бұл Сайтта берілген ақпарат, бағдарламалық жасақтама, баға калькуляциясы, өнімдер және қызметтер құрамында қателер мен дәлсіздіктер болуы мүмкін. Сайтта көрсетілген қонақүй, әуе, автокөлік және басқа туристік өнімдерге (сондай-ақ баға калькуляциясы, суреттер, қонақүй жайлылықтар тізімі, жалпы сипатама және т.б.) байланысты ақпараттардың дәлділігіне Trip.kz кепіл бермейді және кез келген дәлсіздіктер мен қателіктер үшін жауапты емес, себебі ақпараттың көбісі қызметті жеткізушілер жағынан ұсынылған. Сондай-ақ, Trip.kz-тің Сайттағы және/немесе брондау барысындағы баға калькуляциясы қатесін түзеу құқығы бар. Мұндай жағдайда сізге брондауыңызды (бар болса) дұрыс бағамен сақтауды немесе айыппұлсыз жоюды ұсынамыз.

    Сайтымызда көрсетілген қонақүйлер туралы мәлімет жалпы ақпарат болып табылады және Trip.kz бұл мәліметтердің нақтылығы үшін кепіл бермейді. Trip.kz және оның жеткізушілері белгілі бір өнімдер мен қызметтердің бар болуына кепіл бермейді. Trip.kz және оның жеткізушілері кез келген уақытта Сайтқа жаңартулар және/немесе өзгертулер енгізулері мүмкін.

    Trip.kz және оның жеткізушілері Сайттағы ақпарат, бағдаламалық жасақтамалар, өнімдер мен қызметтердің сәйкестілігі/жарамдылығы туралы мәлімдемейді, және сайттағы кез келген өнімдер мен қызметтердің болуы немесе ұсынылуы Trip.kz-тің мұндай өнімдер мен қызметтерді қолдайтынын немесе кеңес ететінін білдірмейді. Мұндай ақпарат, бағдаламалық жасақтамалар, өнімдер мен қызметтер «бар түрінде» кепілсіз ұсынылады. Сайтта, оның қызметтерінде немесе Trip.kz және/немесе оның жеткізушілері жіберген кез келген электрондық хатта вирустың немесе басқа қауіпті компоненттердің болмайтынына Trip.kz және оның жеткізушілері кепіл бермейді. Сонымен, Trip.kz және оның жеткізушілері мұндай ақпарат, бағдаламалық жасақтамалар, өнімдер мен қызметтер; сондай-ақ, жарамдылық, сейкестілік, белгілі бір мақсаттарға лайықтық, аталым және бұзбаушылыққа байланысты кез келген кепілден бас тартады.

    Бұл Сайттағы тасымалдаушылар, қонақүйлер және басқа туристік қызметті немесе басқа қызмет түрлерін жеткізушілер Trip.kz қызметкерлері немесе агенттері емес, тәуелсіз контракторлар болып табылады. Бұл жеткізушілердің әрекеттері, қателері, ғапілдіктері, арыздары, кепілдері, бұзушылықтары немесе немқұрайдылықтары; немесе олардың себебінен болған кез келген залал, өлім, меншікті жоғалту немесе басқа да келтірілген зардап үшін Trip.kz жауапты емес. Кідіріс, жою, шамадан тыс брондау, ереуіл, форс мажор немесе басқа басқарылмайтын жағдайлар болғанда Trip.kz жауапкершіліктен босатылады және бронь сомасы қайтарылмайды. Сондай-ақ, Trip.kz кез келген қосымша шығындар, кемшіліктер, кідірістер, бағдар өзгерістері немесе үкімет/өкімет әрекеттері үшін жауапты емес.

    Қандай жағдай болса да бұл сайтқа кіру, сайтты қарау мен қолдануға (сондай-ақ, сайтта көрінетін пікірлерге сенуіңіз; сайттан алынған компьютерлік вирустар, ақпарат, бағдарламалық жасақтама, басқа сайт сілтемелері, өнімдер мен қызметтер; немесе сайтқа кіргенде, сайтты қарағанда, қолданғанда пайда болатындарға) байланысты немесе ұқыпсыздық, келісім, деликт, қатал жауапкершілік немесе тағы басқасына байланысты немесе олардың себебінен туындаған тікелей, тікелей емес, жазалайтын, кездейсоқ, әдейі немесе жанама зиян үшін Trip.kz және/немесе оның жеткізушілері (мұндай зиян болу мүмкіндігі туралы хабардар болса да) жауапты емес.

    Егер жоғарыда атап өтілгендерге қарамастан Trip.kz немесе оның жеткізушілері жоғарыда аталған себептерден болған жоғалу немесе зақым үшін жауапты болып табылса, Trip.kz және/немесе оның жеткізушілерінің жауапкершілігі қандай жағдай болса да Trip.kz-ке бұл Сайттағы үдерістерді жасағаны үшін сіз төлеген (a) қызмет алымы сомасынан немесе (b) жүз доллардан (€100.00) немесе жергілікті валюта эквивалентінен аспайды.

    Жауапкершілікті шектеу келісімі тәуекелді тараптар арасында бөлуді қамтып көрсетеді. Бұл ережелерде берілген шектеулі шаралар өзінің негізгі мақсатын орындамайтын болып табылса да бұл бөлімде көрсетілген шектеулер орынды болады және қолданылады. Берілген ережелерде белгіленген жауапкершілікті шектеу Trip.kz компаниясы, Trip.kz филиалдары және/немесе оның жеткізушілері үшін тиімді болып табылады.

    ӨТЕУ

    Trip.kz және/немесе оның жеткізушілерін және олардың қызметкерлерін, директорларын, жұмысшыларын және агенттерін дағуадан, қуынымнан, сотқа шақырулардан, өтеулерден, жоғалтулардан, зақымдардан, жазалардан, айыппұлдардан немесе басқа түрдегі шығындардан, сондай-ақ үшінші тарап себебінен болған әділетті айыппұлдан қорғауға және орнын толтыруға келісіміңізді бересіз, егер сіз:

  • берілген Келесімді немесе онда көрсетілген құжаттарды бұзсаңыз
  • үшінші тараптың құқықтарын немесе заңды бұзсаңыз, немесе
  • Сайтты қолдансаңыз

     

    САЙТТАҒЫ ҚОЛ ЖЕТЕРЛІКТЕР

    Берілген Сайттан жүктелетін кез келген бағдарламалық жасақтама Trip.kz және/немесе оның жеткізушілерінің меншігі болып табылады және авторлық құқықпен қорғалады. Егер бағдарламалық жасақтамада ("Лицензиялық Келісім") қарастырылған болса , мұндай бағдарламалық жасақтаманы қолдану тұтынушы лицензиялық келісім ережелерімен реттеледі. Лицензиялық Келісім шарттары мен ережелеріне келісіміңізді бермеген жағдайда Лицензиялық Келісімі бар кез келген бағдарламалық жасақтаманы орнату немесе қолдану құқығыңыз жоқ. Лицензиялық Келісімі жоқ бұл Сайттан жүктелетін кез келген бағдарламалық жасақтаманы берілген шарттар мен қаулыларға сәйкес Сайтты қарау және қолдану үшін, басқа мақсат үшін емес, Сізге (қолданушыға) шектелген, дербестендірілген, жіберілмейтін бағдарламалық жасақтаманы қолдану лицензиясын ұсынамыз.

    Сайттағы барлық бағдарламалық жасақтама, HTML кодтар және Active X controls Trip.kz және/немесе оның жеткізушілерінің меншігі болып табылатынын және авторлық құқық пен халықаралық келісім заңымен қорғалатынын ескеруіңізді өтінеміз. Бағдарламалық жасақтаманы жаңғырту немесе қайта бөлу рұқсат етілмейді және азаматтық-құқықтық санкция мен қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін.

    Жоғарыда аталғандармен қоса басқа серверлерде немесе кейін жаңғырту орындарындарында бағдарламалық жасақтаманы көшіру немесе жаңғырту немесе қайта бөлу рұқсат етілмейді. Бағдарламалық жасақтама тек лицензиялық келісімнің шарттары мен ережелерін орындаған жағдайда кепіл етіледі.

    АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САУДА БЕЛГІЛЕРІ

    Бұл Сайттың ішіндегі барлығы: ©2013 Trip.kz. Барлық құқықтар қорғалған. Trip.kz басқалармен қолданылатын сайттың ішіндегілерге жауапты емес. Сайтта көрінетін басқа логотиптер, өнімдер және басқа компания аттары олардың иелерінің сауда белгілері болуы мүмкін.

    ЖАЛПЫ

    Сайт Грекия ұйымымен басқарылады және бұл Келісім Грекия/ЕО заңдарымен реттеледі. Бұл Сайттқа байланысты барлық даулардың ерекше құзыретіне және қуынымның қарастырылатын жері Афина (Грекия) болатынына келісіміңізді берген боласыз. Берілген шарттар мен ережелер (бұл параграфты қосқанда) келісілмеген және жасалмаған жағдайда кез келген құзыретте бұл сайтты қолдану рұқсатсыз болып есептеледі.

    Егер Келісімнің бір бөлігі жарамсыз, заңсыз деп саналса немесе қуыным қүші болмаса, басқа баптардың/ережелердің заңды қүші, ресмилігі және қуыным қүші жоғалмайды және бұзылмайды.

    Келісім (және онда көрсетілген кез келген ережелер мен шарттар) бұл сайтқа байланысты Сіз және Trip.kz арасындағы толық келісім кепілі. Сондай-ақ, берілген Келісім бұл Сайтқа байланысты клиент және Trip.kz арасындағы алдыңғы немесе қазіргі электронды, жазу, немесе сөз түріндегі хабарлама мен ұсыныстардың күшін жояды. Берілген Келісімнің және кез келген электрондық түрдегі ескертудің/хабарламаның басып шығарылған формасы басқа іс құжаттарының және алдын ала ұсынылған баспа формасындағы жазбалардың өлшемдеріне және шарттарына сәйкес Келісімге байланысты сот немесе әкімшілік үдерістерінде ұсынылуы қажет.

    Барлық құқықтар қорғалған.

    ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

    Trip.kz Грекияда/ЕО E-Travel SA атымен және GNTO 0206?61000177701 нөмірімен тіркелген туристік қызметтерді жеткізуші агенттік.

    Trip.kz E-Travel SA атымен және 2721308-2 нөмірімен ХӘКА жағынан аккредитивтелген туристік агенттік.